Пирит МИГЛ 49/Мин 24
Таибиғи пайда болу
А - 10,0 см В - 7,5 см С - 6,0 см
Тапсырған: Т.В. Попова, Лисаков қ., 1992 ж. "Соколов-Сарыбай КБК" кенінде табылған.
Пирит (гр. pyrіtes lіthos — отты тас) — Ашық сары түсті, көбінесе текше кристалдар түрінде ұшырасатын минерал — темір сульфиді. Синонимі — күкіртті колчедан; темір колчеданы. Кубтық сингонияда кристалданып, куб, октаэдр, куб-октаэдр, т.б. кристалдар түзеді. Түсі қоладай сары, жылтырлығы металл типтес, сызығы қара көк, жымдастығы нашар жетілген.
Пирит – табиғатта ең жиі кездесетін сульфид болып табылады. Жер қыртысында ең көп таралған минералдардың бірі, жаратылысы эндогенді, экзогенді, метаморфты; электр тогын нашар өткізеді. Магмалық жыныстарда, скарндарда, гидротермалық желілерде халькопирит, ал колчедандық және полиметалл кендерінде галенит, сфалерит, арсенопирит, солғын кентастармен бірге шоғырланады. Пирит шөгінді жыныстарда пайдалану кең таралған.